Балуандарымыз Түркияда топ жарды

Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан еркін күрестен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде біздің 3 спортшымыз жүлделі болды.
Тұғыр сатысына көтерілгендер:
- Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) 1-орын
- Азамат Дәулетбеков (-86 кг) 2-орын
- Ризабек Айтмұхан (-97 кг) 1-орын
Нұрқожа финалда Рамазан Рамазановтан (Болгария), Ризабек Ахмед Магомаевтан (Болгария) басым түсті. Ал Азамат Дәулетбеков ақтық сында Әли Цокаевқа (Әзірбайжан) есе жіберді.
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті