Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров баспасөз мәслихатында айтты.
«Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлық жасау, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактісі бойынша тергелді», - деді Данияр Бигайдаров.