Қазақстанда суды есепке алудың бірыңғай жүйесі құрылады

2025 жылдан бастап Еуразия даму банкінің грантымен Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесі әзірленуде.
Бұл платформа спутник, гидропост және есеп құралдарынан алынған деректерді біріктіріп, су қорын басқарудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құрады.
3,5 мың шақырымнан астам суару инфрақұрылымы жаңғыртылып, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Жетісу облыстарындағы 5 мың км-ден астам суару желісі цифрландырылады.
2027 жылға дейін су есептеу жүйелерін толық цифрландыру, сондай-ақ автоматтандырылған гидрожапқыштар енгізу жоспарлануда.
Фото: satbayev.university