Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты өтеді

Астанада ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты өтеді

Құрлықтық дода Астанада 4-10 шілде аралығында жастар мен жасөспірімдер арасында болады. 27 мемлекеттен 450-ден астам ауыр атлет қатысады жоспарланып отыр.

Ал Қазақстан құрамасы жарысты ұйымдастырушы ел ретінде толық құраммен жүлде үшін бақ сынайды. Ел құрамасы сапында 30 ауыр атлет бар. 

Ел құрамасының аға жаттықтырушысы Альберт Хакимулиннің айтуынша, Азия чемпионатына дайындық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде. Сондай-ақ, оқу-жаттығу жиындары Алматы облысында өтті. Жалпы наурыз айынан бері 6 дайындық жұмысы жүргізілді. Спортшылар күн сайын үлкен ынтамен жаттығып, бар күш-жігерін салып дайындалып жатыр. Ауыр атлеттер жарысқа толықтай дайын деуге толық негіз бар.

Құрама сапы 50 пайызға өзгерген. Азия чемпионаты олар үшін алғашқы халықаралық жарыс болмақ.


Фото: Қазақстан ҰОК