Елімізде докторантураға түсуге өтініштерді қабылдау басталды

2025 жылғы докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау testcenter.kz сайтында 3 шілдеден бастап 3 тамызға дейін жүргізіледі.
Ал емтиханның өзі 4-20 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болады.
Талапкер әңгімелесу, эссе жазу кезеңдерінен өтеді және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан тапсырады.
Фото: pixabay.com