Қазақ киносы Қытай фестивалінде көрсетілді

2025 жылдың 3-7 маусым аралығында Қытайдың Чунцин қаласындағы Юнчуань ауданында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің халықаралық кинофестивалі басталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл мәдени іс-шара ШЫҰ елдері арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуға және кино саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
Іс-шараға Қазақстандық делегация ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы өкілдері, сондай-ақ еліміздің танымал продюсерлері мен режиссерлері қатысуда.
Биылғы фестивальдің «Алтын Камелия» атты негізгі байқау бағдарламасына 10 елден 20 фильм енді. Әр елден екі туынды ұсынылған.
Қазақстандық «Набат операциясы» мен «Ағайындылар» фильмі қытай көрерменіне көрсетіледі.
Жеңімпаздар 10 номинация бойынша анықталады. Атап айтсақ, «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий» және актерлік шеберлік номинациялары бар.
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі