Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыда есірткіге және есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі фронт-кеңсе ашылды

Алматыда есірткіге және есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі фронт-кеңсе ашылды

Алматыда Esirtkisiz QAZAQSTAN жобасы аясында есірткіге және есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі фронт-кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті.

Бұл іс-шара «Esbol Qory» қоғамдық қорының («Есірткісіз Болашақ» ҚҚ) бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылды.

Фронт-кеңсенің мақсаты мен қызметтері:

  • Жастарды, ата-аналар мен мұғалімдерді өмірлік дағдыларға үйрету;
  • Кешенді және жүйелі алдын алу шараларын өткізу;
  • Есірткіге қарсы белсенділерді БҰҰ стандарттарына сай даярлау;
  • Алматы қаласындағы есірткі ахуалын бақылау және алдын алу шешімдерін әзірлеу.

Осындай фронт-кеңселердің құрылуы – қоғамда тұрақты есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ұлттық стратегияның бір бөлігі.

Фронт-кеңсе Алматы қаласы, Серіков көшесі, 6а/1 мекенжайында орналасқан.



Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі