Жамбыл облысында жер сілкінді

Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді.
Бүгін сағат 14:30-да сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Сілкініс ошағы - Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жерасты дүмпуінің күші (балл бойынша):
Құлан ауылы - 6 балл
Меркі ауылы - 5 балл
Шу қаласы - 3 балл
Сарыкемер ауылы - 3 балл
Төле би ауылы - 3 балл
Тараз қаласы - 3 балл
Аса ауылы - 2 балл
Мойынқұм ауылы - 2 балл
Қордай ауылы - 2 балл
Бауыржан Момышұлы ауылы - 2 балл
Қаратау қаласы - 2 балл
Тұрар Рысқұлов ауылы 2 балл
Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Дереккөз: qazaqstan.tv
Фото: pixabay