Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шымкент жастар театрында 136 млн теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланған

Шымкент жастар театрында 136 млн теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланған

Шымкент жастар театрында 136 млн теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланған, деп хабарлайды qazradio.fm.

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент жастар театры директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 млн теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Мемлекеттік бюджеттен концерт өткізуге арналған жабдықтарды сатып алуға 320 млн теңге бөлінген.

Алайда сатып алу талаптарын бұза отырып, лоттарды қолдан бөлшектеу арқылы 20-дан астам атау бойынша сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген. Жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарт жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алып, оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген.

Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Фото: pixabay