Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада Перизат Қайраттың соты басталды

Астанада Перизат Қайраттың соты басталды

Елордада еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды kazinform агенттігі.

— Бүгін алдын ала сот отырысы өтті, өтінішхаттар қаралып жатыр. Сот отырысты ашық немесе жабық форматта өткізу мәселесі бойынша кеңесу бөлмесіне кетті, — деген хабар алдық Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ соттың баспасөз қызметі отырыс аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетінін мәлімдеді.

Айта кетсек, биыл 30 маусымда Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді. 

Еске салайық, еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны 2024 жылы14 қарашада белгілі болды. 

Сондай-ақ Жоғарғы сот Перизат Қайраттың сотын тікелей эфирден көрсету мәселесін қарастыруға дайын екенін хабарлады. 

Фото: Perizat Kairat/ 01pk/ instagram