Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астана-Бурабай бағытында жаңа электр пойызы қатынайды

Астана-Бурабай бағытында жаңа электр пойызы қатынайды

Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша «Burabay Express» жаңа буын электр пойызы қатынайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.

Сапар барысында жолаушыларға Wi-Fi, борттық тамақтану, онлайн төлем және үш класта да жайлы жағдай жасалған.

Пойыз аптасына 5 рет қатынайды. Жол жүру уақыты – 2,5 сағат. Астанадан сағат 11:00-де шығып, Бурабайға 13:35-те жетеді. Қайтар жолы – 14:15-те, елордаға 17:00-де келеді.

Билеті 45 күн бұрын сатып алуға болады. Бағасы: 2 962 теңгеден 5 805 теңгеге дейін.

Айта кететейік, пойыз Петропавл қаласында өндірілген.

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі