Перизат Қайрат: «Biz birgemiz» қоры Бауыржан Байбектің басшылығымен құрылған

Перизат Қайрат: «Biz birgemiz» қоры Бауыржан Байбектің басшылығымен құрылған, деп жазады qazaqstan.tv.
Астанадағы сот отырысында Перизат Қайрат «Amanat» партиясының бұрынғы төраға орынбасары, Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектен жауап алуды сұрады.
«Айыптау актісінің алғашқы абзацында мені анаммен бірге жалған қол жинап, қор құрды деп айыптап отыр. Бірақ бұл қор Бауыржан Байбек мырзаның басшылығымен партия жанынан құрылған. Құрылтайшылардың көбі партия қызметкерлері», — деді Перизат Қайрат.
Сот отырысы жартылай жабық форматта өтуде. Айыпталушы өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді.