Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Үкіметте бүгін көші-қон саясаты талқыланады

Үкіметте бүгін көші-қон саясаты талқыланады

Бүгінгі Үкімет отырысында тау-кен өнеркәсібін дамыту және цифрландыру, көші-қон саясатын жетілдіру мәселелері қаралады.

Үкіметтің ресми мәліметі бойынша, 2024 жылы тау-кен металлургия кешенінің ел экономикасына қосқан үлесі 6,9% болған. Салада 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Ал биылғы 6 айда тау-кен өнеркәсібі жоғары өсу қарқынын сақтап қалған. Өсім қарқыны – 8,4%. Ал металл кендерін өндіру тек 0,3% ғана өскен.

Экономиканың барлық саласы сияқты тау-кен өнеркәсібін цифрландыру да маңызды басым бағытқа айналып отыр. Бұл өндірістегі еңбек қауіпсіздігін жетілдіріп қана қоймай, түрлі көлеңкелі схемалардың жолын кесуге, саладағы еңбек өнімділігін арттыруға жол ашатын тетік болып есептеледі.

Үкімет отырысында қаралатын екінші мәселе – көші-қон саясаты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, 2025 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 16,5 мың көлемінде белгіленіп, 6 айда соның 14,2 мыңы игерілген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жылдың 5 айында Қазақстан халқы 69,8 мың адаммен толыққан. Оның 6,3 мыңы көші-қон есебінен келген.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны елордада тіркеліп отыр. Жыл басынан бері 29,7 мың адам астаналық атанған. Оның 78,3%-ы көші-қон есебінен.

Жалпы биыл көші-қонның оң сальдосы Алматы және Маңғыстау облыстарында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында байқалған.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бұған дейінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанның ірі қалаларына автокөліктердің кіруін шектеу әзірге жоспарланып отырмағанын айтқан еді. 

Отырыс қорытындысы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихаты Үкіметтің YouTube ресми арнасы мен Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетіледі.

Дереккөз: Kazinform

Фото: UKIMET