Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бектенов тау-кен алпауыттарының айналасында орта бизнес белдеуін ұйымдастыруды тапсырды

Бектенов тау-кен алпауыттарының айналасында орта бизнес белдеуін ұйымдастыруды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында тау-кен саласындағы ірі кәсіпорындардың айналасында жағын және орта бизнес белдеуін ұйымдастыруды тапсырды. 

— Өнеркәсіп министрлігі осы жылдың 1 қазанына дейін ірі тау-кен кәсіпорындарымен бірлесіп, жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығару бойынша шаралар кешенін әзірлесін.

Жүйетүзуші кәсіпорындар айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құруды ынталандыратын іс-шараларды ескеру қажет.

Өнеркәсіп министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, аса маңызды және сирек металдар негізінде технологиялық тұрғыдан инновациялық өнім өндірісін дамытуға тиіс. Жобалар қосылған құны жоғары өнімдер жасауға бағытталуы қажет, — деді ол.

Үкімет басшысы ел аумағында тұйық циклды экономика құру үшін металдар мен өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу шараларын әзірлеуді тапсырды.

— Ғылым және жоғары білім министрлігі Өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп, бір ай мерзімде сала мамандарын даярлау бағдарламасын дайындауға тиіс.

Сондай-ақ ғылымды өндіріске қажетті жаңа технологияларды әзірлеп, енгізуге белсенді түрде тарту керек. Бақылау мен үйлестіру Роман Васильевич Склярда, — деді Олжас Бектенов.

Үкіметтің болжамына сенсек, 2030 жылға қарай Қазақстанда мыс өндірісі 2 есе, болат өндірісі 3 есе артады. 

Дереккөз: kazinform

Фото: Ukimet