Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ермек Көшербаев: Мұғалімге қол жұмсағандарға да жаза күшейтіледі

Ермек Көшербаев: Мұғалімге қол жұмсағандарға да жаза күшейтіледі

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Үкіметтегі баспасөз жиынында мұғалімдерге шабуыл жасағандар да қатаң жазаға тартылатынын айтты.

«Тек медицина қызметкерлері ғана емес, мұғалімдерге де шабуыл көбейіп барады. Сондықтан біз оларды қорғау тетіктерін де қарастырып жатырмыз. Жауапкершілік пен қорғану деңгейі тең болуы тиіс. Бұл бағытта бірқатар ұсыныс бар, депутаттармен ақылдасып, халыққа жеткіземіз»,- деді Ермек Көшербаев.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге күш көрсеткендерге жазаны күшейтуді тапсырған болатын.

Фото: tolqyn.kz