Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Теңізшевройлге» 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

«Теңізшевройлге» 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Табиғатты қорғау прокурорлары «Теңізшевройл» ЖШС-не 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасы.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы атмосфералық ауаның ластануына қатысты экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша талдау жүргізіп, бірқатар өрескел заң бұзушылықты анықтады.

— «Теңізшевройл» ЖШС 2023 жылдың 3 және 4-тоқсанында, сондай-ақ 2024 жылдың 1 және 2-тоқсанында атмосфераға экологиялық рұқсат етілген нормалардан тыс 49,3 тонна ластаушы заттарды шығарған. Оның ішінде 4,9 тонна ластаушы зат қоршаған ортаға арнайы рұқсатсыз тасталғаны анықталды. Осыған байланысты, «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты прокурордың қаулысымен әкімшілік іс қозғалып, сотпен 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл шешім заңды күшіне енді, — делінген хабарламада.


Фото: «Теңізшевройл» ЖШС