Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда 15 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді

Қазақстанда 15 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді

Шетел жұмыс күшін тартуға 4 санат бойынша рұқсат етілген. Қазіргі уақытта олардың:

  • Басшылар мен олардың орынбасарлары - 562;
  • Құрылымдық бөлімшелердің басшылары - 2340;
  • Мамандар - 4060;
  • Білікті жұмысшылар - 1167 адам жұмыс істейді.  

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 874, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 817 адам тартылған.

Елімізде 1800-ден астам жұмыс беруші шетел жұмыс күшін пайдаланады. Олардың көпшілігі құрылыс саласында, ауыл, орман және балық шаруашылығы, тау–кен, өңдеу өнеркәсібінде еңбек етеді.

Айта кетейік, Қазақстанға еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытай, Өзбекстан, Үндістан, Түркия елдерінен келеді.


Фото: kursiv.media