Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді

Елімізде 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді

Оның аясында 300 мыңға жуық бала заманауи және қолайлы кітапхана кеңістігін пайдалануға мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта мектептерде кітаптарды автоматты түрде есепке алатын және жедел іздейтін RFID технологиясы енгізілуде. Сондай-ақ 20-дан астам кітапханада сканерлеуші роботтар жұмыс жасайды.

Айта кетейік, 2023 жылдан бастап «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларының қоры 1,6 миллион дана көркем әдебиетпен толыққан. Бүгінде жалпы кітап қоры 141 миллион данадан асады.


Фото: qazaqstan.tv