Қазақстандық оқушылар географиядан Халықаралық олимпиадада тарихи жетістікке қол жеткізді

Таиландта география пәнінен IGeO–2025 халықаралық олимпиадасында Қазақстан құрамасы ел тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізіп, екі алтын, екі күміс иеленді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ел тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізіп, екі алтын, екі күміс қанжығалады. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-ші орын алды.
- 🥇Алтын – Талғат Байбусынов, Қарағанды облысындағы НЗМ, 12-сынып
- 🥇Алтын – Андрей Енбахтов, Қостанай облысындағы НЗМ, 10-сынып
🥈 Күміс – Болат Ақжол, Жетісу облысындағы НЗМ, 12-сынып
🥈 Күміс – Әлихан Қалмағамбетов, Ақтөбе облысындағы НЗМ, 12-сынып
Олимпиаданың барлық кезеңіне құраманы дайындауды Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырды. Команда жетекшілері: Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 2-курс студенті Рустам Валеев және халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Абай Дүйсен.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі