Елімізде 2026 жылдан бастап көлік салығы азаяды

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылдан бастап көлік салығы төмендейді.
Ең басты жаңалық – салық көліктің шығарылған жылы мен қозғалтқыш көлеміне қарай есептеледі. Өзгеріс негізінен қозғалтқыш көлемі 3 литр және одан жоғары ескі көліктерге қатысты.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елімізде шамамен 6 млн көлік тіркелген, оның 2,5 миллионына 20 жылдан асып кеткен.
Фото: inbusiness.kz