Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде мемлекеттік білім беру гранттары тағайындалды

Елімізде мемлекеттік білім беру гранттары тағайындалды

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Комиссия отырыстарында үміткерлердің өтініштері қаралды.

«Биыл конкурсқа қатысу үшін шамамен 113 мың өтініш қабылданды. Талапкерлер арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», - деп жазды министр Telegram арнасында.

Грант тағайындау конкурсының нәтижелері Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми ақпараттық көздерінде және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау процесі 25 тамызға дейін аяқталады.


Фото: ulysmedia.kz