Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандық оқушылар Әлем чемпионатында екінші орын иеленді

Қазақстандық оқушылар Әлем чемпионатында екінші орын иеленді

2025 жылдың 2-7 тамыз аралығында АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Александрия қаласында FIDE World Schools Team Championship 2025 – мектеп командалары арасындағы әлем чемпионаты өтті. Чемпионаттың басты ерекшелігі – әр команда бір мектептің оқушыларынан жасақталды.
48 елден 55 команда қатысқан Әлем чемпионатында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің командасы 8 турдың қорытындысы бойынша екінші орынды иеленді.
РФММ Астана командасы да лайықты өнер көрсетті. Олар 2 және 3-орын алған командалармен бірдей ұпай жинап, тек қосымша көрсеткіштер бойынша төртінші орынды иеленді. Бұл – мықты деңгей мен шебер ойынның айғағы.
Команда құрамында:
Эдгар Мамедов – ҚР ең жас гроссмейстері және команда капитаны.
Иманғали Ахилбай – 8/8 Жеңіс.
Зарина Нұрғалиева – жастар арасындағы әлем чемпионы.
Даулет Алихан, Адижан Есенғали.
Бұл – Алматы РФММ үшін Әлем чемпионатындағы екінші күміс медалі. Алғаш рет мектеп 2023 жылы Ақтауда өткен әлем чемпионатында  вице-чемпион атанған.
Алматы командасының ойыншылары жекелей есепте де жарқын нәтиже көрсетті:
Эдгар Мамедов – 1-тақта бойынша II орын.
Иманғали Ахилбай – 2-тақта бойынша Iорын.
Зарина Нұрғалиева – 3-тақта бойынша III орын.


Фото: РФММ