«Қайрат» Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне шықты

Алматылық «Қайрат» «Слован Братиславаны» Чемпиондар Лигасынан шығарып тастады. Қос ойынның нәтижесі бойынша есеп 1:1 болып, пенальти соғылды.
Пенальти сериясында алматылықтар басым болып, плей-офф раундта ойнауға мүмкіндік алды.
"Қайрат" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққаны үшін қомақты сыйақыға да ие болды. Еуропаның басты клубтық турнирінің іріктеу финалына жолдама алған командамыз 4,29 миллион еуро (2,69 миллиард теңге) табыс тапты. Егер алматылықтар топтық кезеңге өтсе, жүлде қоры 18,62 миллион еуроға (11,7 миллиард теңге) дейін өседі.
Келесі қарсыласымыз шотландиялық «Селтик» болады.
Фото: inbusiness.kz