Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасы қайта жанданды

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасы қайта жанданды

Отбасы банкі бұл бағдарлама мен оның «Наурыз жұмыскер» бағыты бойынша несие беруді қайта бастады. Осы мақсатта банк KASE арқылы 102,7 млрд теңге тартты.

Маусым мен шілде айларында бағдарламаға шектеу қойылған еді. Несиені тек кепіл шартын тіркеп, қарыз шарттарына қол қойғандар ғана ала алды. Бұл кезеңде 275 адам ғана ипотекаға қол жеткізді.

Банк мәліметінше, бағдарламаға сұраныс жоғары, сондықтан қаржыландыру жоспары уақытынан бұрын орындалуда.

2025 жылы бағдарламаға 12 мың адам қатысып жатыр, олардың 4,5 мыңы – тұрғын үй кезегінде тұрғандар, оның жартысы - әлеуметтік осал топтар.


Фото: homsters.kz