Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгін Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына 27 жыл толды

Бүгін Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына 27 жыл толды

18 тамыз – еліміздің әскери тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні Қазақстан Қарулы күштерінің ажырамас бөлігі саналатын Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына 27 жыл толып отыр.

Бүгінде бұл құрылым Қазақстан әскерінің қуатты, жоғары технологиялық әрі ұтқыр құрамдас бөлігіне айналды. Оның құрамына Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-әуе күштері кіреді. Олар мемлекетіміздің әуе шебін сенімді қорғап қана қоймай, стратегиялық маңызды әскери, әкімшілік және инфрақұрылымдық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Қарулы күштердің өзге түрлеріне авиациялық қолдау көрсетеді.


Фото: Қорғаныс министрлігі