Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Келесі жылдан бастап тегін дәрі-дәрмек электрондық рецепт арқылы беріледі

Келесі жылдан бастап тегін дәрі-дәрмек электрондық рецепт арқылы беріледі

Бұл «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, әзірге тек емхана жанындағы дәріханаларда ғана тегін дәрі-дәрмек алуға болады.

Бұрын қағаз рецептіні жоғалту қаупі болса, қазір дәрігердің жазып бергені бірден жүйеге тіркеледі. Азамат дәріханаға келгенде eGov Mobile немесе басқа қосымшадағы QR-кодты көрсетсе жеткілікті.

Енді келер жылдан бастап бұл жүйеге жекеменшік дәріханалар да қосылады. Пилоттық жоба сынақтан сәтті өтсе, тек тегін препараттарды ғана емес, дәрі-дәрмектің кез келген түрін электронды рецепт арқылы алуға болады.


Фото: egemen.kz