Қыркүйектен бастап мобильді аударымдарға жаңа талаптар енгізіледі

Мемлекеттік кірістер комитеті биылдан бастап мобильді аударымдарды бақылау тәртібін түсіндірді.
Егер үш ай ішінде бір шотқа 100-ден астам түрлі адам ақша аударып, жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асса (2025 жылғы ең төменгі жалақының 12 есесі), ол кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылады.
Бұл деректерді банктер салық органдарына жолдап отырады.
Салық органдары алдымен талдау жүргізеді. Кәсіпкерлікке тән белгілер байқалса, азаматқа ескерту беріледі. Талапты орындау үшін 30 жұмыс күні қарастырылған.
Егер көрсетілген мерзімде ескерту орындалмаса, тақырыптық салықтық тексеріс жүргізіледі.
Фото: gov.kz