Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Лазер немесе дрон арқылы ұшқыштарға кедергі келтіру — енді қылмыс

Лазер немесе дрон арқылы ұшқыштарға кедергі келтіру — енді қылмыс

Қазақстанда ұшқыштарға лазерлік құрылғылар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарымен кедергі келтіргені үшін қылмыстық жаза енгізілді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ведомство атап өткендей, ұшқыштарды лазерлік құрылғылармен көзден шағылыстыру өте қауіпті. Мұндай әрекеттер ұшу қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді, әсіресе ұшақтың ұшып көтерілуі мен қонуы сияқты аса маңызды кезеңдерде.

 Лазер сәулесі ұшқыштың уақытша көру қабілетінен айырылуына себеп болуы мүмкін. Бұл — әуе апатына әкеліп соқтыратын жағдай. Қазақстанның авиациялық қызметтерінің дерегіне сүйенсек, соңғы 6 жыл ішінде жолаушылар лайнерлері экипажының лазер сәулесінен көз жанарынан айырылуының 98 оқиғасы тіркелген. Олардың басым бөлігі Алматы халықаралық әуежайында болған, — делінген хабарламада.

Мәселен, 2017 жылы мұндай 8 жағдай тіркелсе, 2023 жылы олардың саны 30-ға жеткен.

Бұған дейін отандық заңнамада бұл әрекеттер үшін арнайы жауапкершілік қарастырылмаған еді, сондықтан кінәлілерді жауапқа тарту айтарлықтай қиындық тудырды.


Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform