Бішкекте Қазақстан киносы күндері ашылды

20 тамызда Бішкекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары қарсаңында «Ала-Тоо» кинотеатрында Қазақстан киносы күндері басталды.
Қазақстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің кино департаменті директорының орынбасары Марат Асаналиев Қазақстан киносы күндерін Қырғызстанда өткізу — екі ел арасындағы шығармашылық диалог пен халықаралық мәдени ынтымақтастықтың нақты көрінісі екенін атап өтті.
— Бұл шара екі халықтың рухани жақындығының дәлелі. Мен сенімдімін, қазақ фильмдері көрермендердің жүрегінен орын табады және ұмытылмас әсер қалдырады, — деді ол.
Ал «Шәкен Айманов атындағы Қазахфильм» ұлттық киностудиясының уақытша бас директоры Айдар Омаров кино — ұрпақтар мен халықтардың мәдениетін жалғап тұратын көпір екенін атап көрсетті. Қазақ және қырғыз киносы — бір бүтіннің екі жартысы іспетті, көпжылдық тарихы, табысты бүгіні және жарқын болашағы бар.
ҚР театр және кино актері Бақыт Хаджибаев Қазақстан киносы енді тек Қазақстанда ғана емес, бауырлас елдерде де көрсетіле бастағанына қанағаттанғанын жеткізді.
Фото: Гульмира Абдрахманова/Kazinform