Жаңа оқу жылында жеке қауіпсіздік сабақтары қайта жүргізіледі

1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік сабақтары қайта басталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мұндай шара балабақшадан бастап колледждерге дейін жүргізіледі.
Жас ерекшелігіне сәйкес:
▫️балабақшада — жедел қызмет нөмірлерін білу, ойын және демалыс алаңдарындағы қауіпсіздік ережелері;
▫️бастауыш сыныптарда — су және мұздағы қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен кездескенде өзін ұстау, қаңғыбас иттерден қорғану;
▫️орта буын сыныптары — буллинг пен кибербуллинг, интернет-ойындар қаупі, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау;
▫️жоғары сыныптар мен колледждер — қаржылық сауат, алаяқтан қорғану, еңбек қауіпсіздігі, өз құқығы мен міндетін білу.
Сабақтар әр аптада сынып сағаты аясында 10 минуттан өткізіледі.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі