Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жыл басынан бері 8 051 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 8 051 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1,156 млн-нан астам қандас оралған.

Негізінен қандастардың  44,2%-ы Өзбекстаннан, 43,2%-ы Қытайдан, 5%-ы Түрікменстаннан, 2,7%-ы Моңғолиядан, 2,4%-ы Ресейден, ал 2,5%-ы басқа елдерден келген.

Қоныс аударушылардың 59,1%-ы еңбекке қабілетті, 31,8%-ы – балалар, ал 9,1%-ы – зейнеткерлер.

Жыл басынан 563 қандас мемлекеттен қолдау алып, оның ішінде 221 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Мемлекет тарапынан қандастарға көшуге 275 200 теңге, пәтер жалдау мен коммуналдық төлемдерге 118 мың теңге көлемінде, ал үй алуға 4,56 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз көмек көрсетіледі.


Фото: orda.kz