Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Отандық ғалымдар суды көп қажет етпейтін жаңа күріш сортын таныстырды

Отандық ғалымдар суды көп қажет етпейтін жаңа күріш сортын таныстырды

Қызылорда облысында Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жаңа күріш сортын сынақтан өткізіп жатыр. «Сыр сұлуы» деп аталатын бұл сорт аз уақытта пісіп-жетіледі әрі суды көп қажет етпейді. Су ресурстары министрлігі осылай дейді.

Жаңа күріш сорты 105-110 күнде пісіп-жетіліп, жергілікті ауа райы мен топыраққа толық бейімделген. Барлық агротехникалық талап орындалған жағдайда гектарынан 80-85 центнерге дейін өнім алуға болады.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында негізінен ресейлік күріш сорттары өсіріледі. Олар толық өсіп-өну үшін 120-125 күн уақыт кетеді.


Фото: naryk.kz