Алматыда жаңа стадион салынады

Алматыда халықаралық деңгейдегі заманауи стадион бой көтермек. Қала әкімдігінің мәліметінше, жаңа арена 35 мың көрерменге есептеліп, УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай келеді.
Жоба аясында жаттығу алаңдары, жанкүйерлерге арналған демалыс орындары, заманауи қауіпсіздік жүйелері және аумақты абаттандыру қарастырылған.
Стадион Құлжа мен Талғар тасжолдарының арасында, аумағы шамамен 15 гектар жерде салынады.
Сондай-ақ 65 жылдан астам тарихы бар Орталық стадионы жаңғыртылады.
Фото: Алматы қаласы әкімдігі