Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Минск қаласында Абай Құнанбайұлына арналған көрме ашылды

Минск қаласында Абай Құнанбайұлына арналған көрме ашылды

Минск қаласындағы Янка Купала атындағы Мемлекеттік әдеби музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының арнайы көрмесі ашылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көрме ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Экспозицияда Абайдың түпнұсқа шығармалары, тұрмыстық заттары және ақынның рухани және шығармашылық мұрасына байланысты жәдігерлер қойылған.

Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Жақсылықов, Беларусь Республикасы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Дмитрий Шляхтин, сондай-ақ бірқатар мемлекеттердің елшілері мен қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында жазушы, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын аударған Михаил Поздняков музейге арнайы беларусь тіліндегі нұсқасын табыстады.

Бұл көрме Қазақстан мен Беларусь арасындағы мәдени ынтымақтастықтың маңызды оқиғасына айналып, ұлы ойшылдың рухани мұрасын насихаттауға және халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталды. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.