Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Зейнетақы жинағы 24,84 трлн теңгеден асты

Зейнетақы жинағы 24,84 трлн теңгеден асты

1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 24,84 трлн теңгеден асты. Бұл көрсеткіш 12 айда 4,60 трлн теңгеге немесе 22,7%-ға артты.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі – 23,62 трлн теңге. 12 айдағы өсім – 21,1%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары – 704,72 млрд теңге, өсім – 14,0%.

Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша көлемі 9,06 млрд теңге.

Салымшылардың зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 1 тамызында 506,66 млрд теңге болды.


Фото: gov.kz