Мәжіліс сайлау туралы Конституциялық заңға өзгерістер енгізбек

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын қарауға қабылдады.
Сондай-ақ депутаттар аталған Конституциялық заңмен байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне cайлауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлейді.
Осы құжаттар бойынша сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, заң жобалары Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес, электоралдық практиканы ескере отырып, сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Фото: Мәжіліс