Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан әлемдегі ең ірі алтын өндіруші 10 елдің қатарына кірді

Қазақстан әлемдегі ең ірі алтын өндіруші 10 елдің қатарына кірді

Visual Capitalist порталы әлемдегі ең ірі алтын өндіруші елдер туралы жаңа инфографика ұсынды. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстан алтын өндіру көлемі бойынша әлемдегі үздік он елдің қатарына кірді. Республика бойынша 130 тонна алтын өндірілген.

Әлемдегі көшбасшылық 370 тонна өндірген Қытайға тиесілі. Екінші және үшінші орындарда Ресей (310 тонна) мен Аустралия (310 тонна) орналасты. Одан кейінгі орындарда 200 тонна алтын өндірген Канада мен 170 тонна өндірген АҚШ тұр. Ондық қатарында Мексика (120 тонна), Индонезия (110 тонна), ОАР (100 тонна) және Өзбекстан (100 тонна) бар.


Фото: metalmininginfo.kz