Аида Балаева шенеуніктердің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ақпарат министрі жалған мәлімет таратқан БАҚ қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
«Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралуда. Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет. Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс», - деп жазды Балаева.
Бұған дейін Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, ҰҚК бірқатар қызметкері мен кәсіпкер Хаджи Хаджиев ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
Фото: primeminister.kz