Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Конституциялық сотқа азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш түскен

Конституциялық сотқа азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш түскен

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады. Мемлекет басшысына Конституциялық соттың 2,5 жылдағы қызметі туралы есеп берілді.

Эльвира Азимованың айтуынша, осы уақыт ішінде сотқа азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш түсіп, 5 мыңнан аса құқық нормасы зерделенген.

Нәтижесінде 300-ден астам шешім қабылданып, 74 қорытынды қаулы шығарылған. Осылайша, 20 құқық нормасы Конституцияға қайшы деп танылып, 25 құқық нормасына нақты түсіндірме берілді.  

Қазір Конституциялық соттың 19 нормативтік қаулысындағы құқықтық ұстанымдары ескерілген 8 заң жобасы Парламент палаталарында қаралып жатыр.

Сондай-ақ, азаматтар Конституциялық сот жанындағы Өтініштерді қабылдау орталығынан тегін құқықтық кеңес ала алады.

Президент Конституциялық соттың азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқаратынын және қабылданған ұстанымдардың дәйекті орындалуы қажет екенін атап өтті.


Фото: Ақорда