Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан экономикасы 8 айда 6,5%-ға өсті

Қазақстан экономикасы 8 айда 6,5%-ға өсті

Ұлттық статистика бюросының жедел деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады. Өсімнің негізгі факторлары – сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы оң динамика.

Өнеркәсіп 7,6%-ға ұлғайды. Әсіресе өңдеу секторындағы өсім қарқыны жеделдеп, 6,5%-ға жетті. Оның негізгі драйверлері:

  • машина жасау – +15,1%
  • тамақ өндірісі – +10,1%
  • мұнай өңдеу – +7,6%
  • химия өнеркәсібі – +7,5%
  • металлургия – +1,1%
  • Сауда көлемі 8,9%-ға артты.

Оның басым бөлігі көтерме саудаға тиесілі (66,6%).

  • Ең жоғары өсім Шымкентте (+21,3%),
  • Шығыс Қазақстанда (+5,7%),
  • Жетісу облысында (+0,6%) тіркелді.

Экономиканың басқа да секторлары тұрақты өсім көрсетіп, елдің жалпы ішкі өнімінің артуына үлес қосты.


Фото: egemen.kz