Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

FIFA 2027 жылға дейін Қазақстанда 100 шағын футбол алаңын салады

FIFA 2027 жылға дейін Қазақстанда 100 шағын футбол алаңын салады

Еліміз халықаралық FIFA Arena жобасын жүзеге асыру туралы келісімге алғашқылардың бірі болып қол қойды. Бұл бастама балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға және мектеп оқушыларына заманауи спорт инфрақұрылымына тең қолжетімділік жасауға бағытталған. Жоба аясында еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің аумағында 100 шағын футбол алаңы салынады.

Бұл – жобаға қатысушы елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Алғашқы алаңдар биыл Хромтау мен Көкшетау қалаларында пайдалануға беріледі. Бағдарламаны толық аяқтау 2027 жылға жоспарланған. Жобаны Қазақстан футбол федерациясы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады.

Әр алаң FIFA стандартына сәйкес салынады: көлемі 20×40 метр, жаңа буындағы жасанды шөп жабыны төселеді (non-infill turf), кіріктірілген қақпа, қоршау панельдері мен қауіпсіздік торлары орнатылады. Әмбебап құрылым алаңдарды қолданыстағы мектеп аулалары мен спорт аймақтарына ыңғайлы түрде салуға мүмкіндік береді.

Жоба ең алдымен шағын қалалар мен ауыл мектептерін қамтиды. Қаржыландыруды FIFA қамтамасыз етсе, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.


Фото: egemen.kz