Екі жыл ішінде прокуратура арқылы 850 млрд теңгенің активтері қайтарылды

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Президентке заң үстемдігі мен прокуратураның негізгі жұмыс бағыттары туралы баяндалды.
Биыл арнайы прокурорлар сотқа 55 қылмыстық іс жолдап, соның негізінде 112 адам сотталған. Тағы 80 іс соттардың қарауында жатыр. Жалпы 14,4 млрд теңге залал өтелді.
Қозғалған қылмыстық істер бойынша жалпы құны 105 миллиард теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Екі жыл ішінде прокуратура органдары арқылы 850 млрд теңгенің активтері қайтарылды.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында және бизнесті белсенді қолдау үшін Бас прокуратураға қарасты ведомствоның атауы өзгермек.
Президент барлық салада заңдылықты қамтамасыз ету және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Фото: Ақорда