Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бокстан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында 7 алтын медаль жеңіп алды

Бокстан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында 7 алтын медаль жеңіп алды

Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл додада жеті алтын, бір күміс және екі қола жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Алтын медаль иегерлері:

  • Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін)
  • Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін)
  • Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін)
  • Аида Әбікеева (65 келіге дейін)
  • Наталья Богданова (70 келіге дейін)
  • Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін)
  • Айбек Оралбай (90 келіден жоғары)


Күміс медаль:

  • Назым Қызайбай (48 келіге дейін)


Қола медаль:

  • Виктория Графеева (60 келіге дейін)
  • Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары)


Жалпы есепте Қазақстаннан кейінгі орындарды:

  • Өзбекстан (6 алтын, 2 күміс, 3 қола) – екінші орын,
  • Үндістан (2 алтын, 1 күміс, 1 қола) – үшінші орын иеленді.

Бұл нәтиже Қазақстан боксы тарихындағы ең ірі жетістіктердің бірі болып саналады.



Фото: instagram: gmg_max