Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгіннен бастап ақауы бар ақылы жол учаскесінде жүру тегін болады

Бүгіннен бастап ақауы бар ақылы жол учаскесінде жүру тегін болады

15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем ережелері өзгерді. Көлік министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елімізде 27 ақылы жол бар.

«Ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды. Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, жүргізушілер тек 95 шақырым үшін ғана ақы төлейді», - делінген хабарламада.

Жаңа ереже республикалық және халықаралық маңызы бар барлық ақылы жолға қолданылады.


Фото: inbusiness.kz