Алматыда биыл жаңа 34 туристік нысан пайдалануға берілді

Алматыда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында туристерді орналастыру (қонақүй, хостел) саласында көрсетілген қызметтер көлемі 50,1 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,6% артық.
Алматы қаласы туризм басқармасының мәліметінше, мұндай өсім туризм саласының дамып келе жатқанын және Алматыға ішкі әрі халықаралық туристер тарапынан қызығушылықтың арта түскенін көрсетеді. Қазір қала қонақүйлеріндегі бөлмелер саны өткен жылмен салыстырғанда 8% артып, 12 552-ге жеткен.
Биыл жыл басынан бері жеке инвестициялар есебінен 34 жаңа туристік нысан пайдалануға берілген. Олардың ішінде 11 қонақ үй, 1 глэмпинг, 1 капсулалық қонақ үй, 18 хостел және 3 демалыс базасы бар.
Фото: Алматы әкімдігі