Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан жаһандық дінаралық және мәдениетаралық диалогты қолдайды

Қазақстан жаһандық дінаралық және мәдениетаралық диалогты қолдайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің жабылуында сөз сөйледі.

Президент Қазақстанның дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайтынын атап өтіп, Съездің жаһандық пікірталас алаңы ретінде ықпалын арттыруға тырысатынын атап өтті.

"Біз Съезд Хатшылығының БҰҰ институттарымен және басқа да құрылымдармен серіктестік желісін кеңейтуді жалғастырамыз. Съезд идеяларын ілгерілету үшін бірқатар іс-шара ұйымдастырылады. Оған халықаралық серіктестеріміз, жастар, сарапшылар, волонтерлік ұйымдар қатысады",
-деді Президент.

Мемлекет басшысы бейбітшілік баршаға ортақ басты құндылық екенін атап өтіп, бүгінгі басқосудың татулық пен тұрақтылықты нығайту жолындағы ортақ еңбектің айғағы екенін айтты.


Фото: Ақорда