Каспийдің су қорын сақтау үшін жедел шараларды бірлесе қабылдау керек - Президент

БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-сессиясының Жалпы дебатында Мемлекет басшысы Каспий теңізі күннен күнге тартылып жатқанын айтты.
«Каспий теңізі күннен күнге тартылып барады. Бұл бір өңірдің ғана проблемасы емес, жаһандық деңгейде дабыл қағатын мәселеге айналды. Сондықтан аймақтағы серіктестерімізді және барша халықаралық қоғамдастықты Каспийдің су қорын сақтау үшін жедел шараларды бірлесе қабылдауға шақырамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев мінберде.
Фото: Ақорда