Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорғаныс министрлігі «MyArmy.kz» порталын іске қосты

Қорғаныс министрлігі «MyArmy.kz» порталын іске қосты

Болашақ сарбаздар енді әскери бөлімді онлайн таңдай алады. Қорғаныс министрлігі MyArmy.kz атты жаңа порталдың іске қосылғанын хабарлады.

Бұл жүйе арқылы болашақ сарбаздар мен келісімшарт негізіндегі қызметке үйден шықпай-ақ тіркеліп, құжат тапсыруға болады. Әр өтінімге онлайн-статус беріліп, медициналық комиссиядан өту үшін қажетті құжаттар мен нақты нұсқаулық көрсетіледі. Жаңа портал әскерге шақыру процесін жеңілдетіп қана қоймай, оны ашық әрі түсінікті етуді көздейді. Сондай-ақ жас сарбаз әскери бөлімді таңдауға мүмкіндік алады. Жоба пилоттық түрде Алматы облысындағы әскери бөлімде сынақтан өтіп жатыр. Сәтті жүзеге асса, жүйе бүкіл ел бойынша қолданысқа енгізіледі.


Фото: MyArmy.kz порталынан скрин