Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Президент: Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты

Президент: Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте сөз сөйледі. Президенттің айтуынша, экономикалық өсім ғылым мен технологияға тікелей байланысты. Әлемде технологиясы озық ел болу үшін бәсекелестік жүріп жатыр.

Мемлекет басшысы Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлық елге айналуы тиіс екенін атап өтті. Жасанды интеллект барлық салаға енгізіледі.

«Дамыған елдер ғылымға да, технологияға да баса мән беріп жатыр. Заманның беталысын баршаңыз көріп отырсыздар. Жаһандық геосаяси ахуал тұрақсыз, құбылмалы, сын-қатерлер аз емес. Бірақ қытай халқының белгілі пайымдауына сенсек, дағдарыс кезінде жаңа мүмкіндіктер туады. Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл – аксиома. Түрлі мемлекеттер арасында технологиясы дамыған озық ел болу үшін күрес жүріп жатыр. Орталық Азиядағы бәсекелестік те күшеюде, бұл – түсінікті, заңды үрдіс. Сондықтан біз де осы салаға баса мән беруіміз керек, нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз қажет», – деді Президент.


Фото: Ақорда