Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада LRT пойызы сынақ режимінде іске қосылды

Астанада LRT пойызы сынақ режимінде іске қосылды

29 қыркүйектен бастап Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесін сынақ режимінде пайдалану басталды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

«Елордадағы LRT жүргізушісіз қозғалады. Сынақ барысында мамандар рельстерді, станцияларды, байланыс желілерін, жылжымалы құрамды, қауіпсіздік пен қозғалысты басқару жүйесін тексереді. Ерекше назар қызметкерлерді дайындауға, төтенше жағдайдағы іс-қимыл және LRT-ны басқа көлік түрлерімен интеграциялауға аударылады», - делінген хабарламада.

LRT құрамдары толық автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған. Қозғалыс, ара қашықтықты сақтау, тоқтау, есіктерді ашу және жабу, деподан шығу және кіру, жуу жұмыстары оператордың қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Жабдық пен инфрақұрылымды кешенді сынау кемінде 6 айға созылады.

Пойыздар бастапқыда 10 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, кейін жылдамдық пен сынақ аймақтары кезең-кезеңімен артады.


Фото: Астана әкімдігі